ӘЙЕЛДЕРДІҢ НАМАЗ ОҚУ ҮЛГІСІ
1) Таң намазы: 4 рәкат. Алдымен 2 рәкат сүннетi, кейiн 2 рәкат парызы оқылады. Бұл екi рәкат сүннет ең қуатты сүннет болып саналады. Тiптi мұны уәжiп дегендер де бар.
2) Бесiн намазы: 10 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет).
3) Екiндi намазы: 8 рәкат (4 рәкат сүннет, 4 рәкат парыз.)
4) Ақшам намазы: 5 рәкат (3 рәкат парыз, 2 рәкат сүннет.)
5) Құптан намазы: 13 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет, 3 рәкат үтiр намазы).
Екiндi мен құптан намаздарының алғы сүннеттерi ғайри муаккад сүннетке жатады. Бұлардың екiншi рәкатында отырғанда, “әттәхият”тан кейiн “Аллаһумма салли” және “Аллаһумма барик” дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рәкатқа тұрғанда, алдымен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака” дұғасы оқылады. Ал, бесiн намазының алғашқы сүннетi Муәккад сүннет. Яғни қуатпен әмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi отырыста парыз намазындағыдай тек қана “Әттәхияту” оқылып кейiн үшiншi рәкатқа тұрады. Тұрғанда алдымен Бисмиллаһ айтылып кейiн “фатиха” сүресi оқылады.
Намаз оқудың дұрыс үлгісі (таң намазының парызы).
«Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызыноқуға, жүзімді қараттым құбылаға».
Ниет шын жүректен айтылуы тиіс. Ниеттің тек тілмен ғана айтылып, жүрекпен бекітілмесе намаз қабыл болмайды.
1. «Аллаһу әкбәр» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп ифтитаһ тәкбірі алынады. Ифтитаһ тәкбірін алып, Аллаға құлшық ету кезінде ештеңе адамның ойын бөлмеуі керек. Әйелдер тәкбір алғанда алақандары құбылаға қарап, саусақтары жәй ғана ашық қалпында және саусақ ұштары иықтардың тұсына келетіндей түрде қолдарын жоғары көтереді.
2. Тәкбір алғаннан кейін қол байлайды. Түрегеліп тұрғанда сәжде жасайтын жерге қарап тұрады. Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап, «Субханака»дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук».
Мағынасы: «Я,Алла! Сен кемшілік сипаттардан пәк және ұзақсың. Сен әр уақыт мақтауға лайықсың. Сенің атың мүбарак. Сипатың өте жоғары. Мақтауға лайық. Сенен өзге Тәңір жоқ»
Содан кейін: «Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» айтылады.
Мағынасы: «Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын».
Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».
Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».
3. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп рукуғқа барады. Рукуғта 3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы:«Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Рукуғта сәжде жасайтын жерге қарайды. Әйелдер рукуғта арқасын кішкене еңкіш ұстап, еркектердегідей саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды. Тізе шынтақтарын біраз бүгіп тұрады.
4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!
5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары құбылаға қараған түрде келеді.
6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады.
Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.
7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.
8. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байланады. Сәждеден тұрғанда: алдымен бас, одан кейін қолдар, соңында қолдар мен тізені таянып, тік тұрады. Осымен бір рәкат орындалады.
ӘЙЕЛДЕРДІҢ НАМАЗ ОҚУ ҮЛГІСІ ЕКІНШІ РӘКАТ
Түрегеп тұрып, оң қолын сол қолының үстіне қойып,«Бисмилләһ рахманир рахим» деп айтады. Сосын«Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».
Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».
«Фатиха» сүресінен кейін Құрандағы қысқа бір сүре оқылады. «Ықылас» сүресі: «Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм иуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан ахад».
Мағынасы: «Айт: Ол Алла біреу ғана. Алла самад (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Еш бір барлық Оған тең емес».
2. Бірінші рәкаттағыдай «Аллаһу әкбар» (мағынасы:«Аллаһ Ұлық») деп рукуғқа барып, 3 рет қайталап «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.
3. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді.
4. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары құбылаға қараған түрде келеді.
5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады.
Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.
6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.
7. «Аллаһу әкбар» («Аллаһ Ұлық») дер сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады. Отырғанда саусақтарының ұшы тізеге тиіп, қолдары санның үстіне қойылады. Отырғанда«Әт-тәхият» дұғасын айтады: «Әт-тәхияту лилләһи уас-салауату уа-таййбәәт, әс-сәләәму аләйка әйюһән-нәбию уә рахматуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уа алә ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расуулуһ ».
Мағынасы: «Тілмен, денемен және мал-мүлікпен орындалатын ғибадаттардың бәрі Аллаға ғана тән. Я Жоғарғы мәртебелі Пайғамбар! Алланың сәлемі, рахметі және берекеті саған болсын! Сәлем және сәлеметтік бізге және Алланың игі құлдарына болсын. Шаһадат айтамын, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ екеніне. Және де шаһадат айтамын Мұхаммед (ғ.с.) Алланың құлы әрі елшісі».
Содан кейін «Аллаһумма салли» дұғасы айтылады:
«Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид».
Мағынасы: «Я,Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахмет еткеніңдей Мұхаммедке және Мұхаммедтің ұрпақтарына да рахмет ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
Сосын «Аллаһумма барик» дұғасын айтады: «Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид».
Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей Мұхаммедті және Мұхаммедтің ұрпақтарын да мүбарак қыл. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».
Содан кейін «Раббәнә әтинә» дұғасы айтылады:«Раббәнә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә азәбән-нәр».
Мағынасы: «Я,Алла! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр».
8. Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
9. Сосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
10. Намаз аяқталған соң, екі қолды кеуде деңгейіне қойып мына дұғаларды оқиды: «Әстағфируллах! Әстағфируллах! Әстағфируллах! (мағынасы:Аллаһтан кешірім сұраймын!). Сосын «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы: «Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым») деген дұға айтылады.